Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2024, т. 11429, № 2, с. 86-93

Cпутник-V вакцинасымен вакцинацияланған адамдардың TLR7, TLR4, TMPRSS13, IL-4 және IFN-γ гендерінің экспрессия динамикасын бағалау

И.А. Кадырова, А.Б. Балгабекова, В.И. Барханская, Л.Н. Әбсағит

Аннотация · Abstract

Мақалада Спутник-V вакцинасымен иммундалғаннан кейін туындаған TLR7, TLR4, TMPRSS13, IFN-γ, IL-4 гендерінің экспрессиясының өзгерістері зерттелген. Жұмыс Қарағанды медицина университетінің базасында жүргізілді. COVID-19-ға қарсы екпе алмаған еріктілерден веноздық қан үлгілері вакцинациядан бұрын, Спутник-V 1- және 2-дозаларын енгізгеннен 21 күн өткеннен кейін және 6 айдан соң жиналды. Биологиялық үлгілерді жинағаннан кейін, вакцинаны дельта тәрізді бұлшық етке 1±0,5×1011 рекомбинантты аденовирустық (rAd) бөлшектері бар Спутник-V 0,5 мл дозасы енгізілді. 1 және 2 дозалары, сәйкесінше, 21 күн аралығымен енгізілетін rАd26 және rAd5-тен тұрды. Зерттеу басталғанға дейін екі апта ішінде респираторлық симптомдардың болуы немесе зертханалық расталған COVID-19 диагнозын есептемеу критерийі болды. Үлгілерден РНҚ бөліп алған соң, кері транскрипциямен полимераздық тізбекті реакция өткізілді. Статистикалық өңдеу IBMSPSS 26 нұсқасында орындалды. Краскел-Уоллис критерийі, Пирсон χ2 немесе топаралық салыстырулар үшін нақты Фишер критерийі қолданылды. 95 % сенімділік интервалдары (СИ) биномдық «дәл» әдіспен есептелді. Алынған нәтижелер бойынша TLR7, TLR4, TMPRSS13, IFN-γ және IL-4 гендерінің гиперэкспрессиясы анықталды. Бұл Спутник-V вакцинациясынан кейін иннативті иммунитеттің ұзақ уақыт белсендірілуін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері аденовирустық векторларға негізделген вакциналарды қолдана отырып, адамдарда жаттыққан иммунитетті индукциялау мүмкіндігі туралы гипотезаны растайды. Біздің нәтижелеріміз қоғамды жұқпалы аурулардан қорғауды жақсарту перспективаларын ашатын жақсырақ вакцинация стратегиялары мен жаңа вакциналарды әзірлеуге негіз бола алады.

Сведения · Details