Central AsianResearch Index

Арыс өзені алабы геожүйесінің ландшафттық-құрылымдық ерекшеліктері

Мақалада қазіргі геожүйелер құрылымының қалыптасуына қоршаған орта жағдайлардың ұзақ уақыт бойы өзгеру үдерістері әсер етсе, ал қазіргі кезде шаруашылықты пайдаланудың үнемі ұлғаюымен байланыстырылады. Сонымен қатар климаттың өзгеруі, қалалардың көбеюі, табиғи ландшафттардың азаюы, жерүсті және жерасты суларының ластануы сияқты жаһандық геоэкологиялық проблемаларының артуы, өзен алаптарындағы қоршаған ортаны басқарудың ғылыми негізделген іс-шаралары мен бағыттарын айқындау мәселесін талап етеді. Геожүйе қазіргі уақытта география ғылымында маңызды бағыт ретінде орнықты. Алайда геожүйелік көзқарастың даму аясында ғылым енді ғана өріс алуда. Бұл қоғамның табиғатпен белсенді араласуына ықпал етуге шақырылған болжамдық географияның алдына қойылған міндеттерді зерттеу кезінде геожүйенің көп қиындықтарға ұшырайтындығымен түсіндіріледі. Әсіресе бұл, оларды ландшафттық-гидрологиялық көзқарас тұрғысынан зерттеу жемісті болып табылатын ішкі тұйық аумақтардың түрлі өзен алаптарына қатысты. Ішкі континенталдық құрғақ аумақтарды зерттеуде геожүйелік-алаптық көзқарас (әдіс) геожүйелік және гидрологиялық деп аталатын екі ғылыми бағыттардың артықшылықтарын байланыстыру жолында түрлі рангалы геожүйелерді кешенді аймақтық зерттеу үшін алғышарттар жасайды. Мұндағы гидрологиялық әдіс деп тек жерүсті ағындысын талдау мен есептеу немесе болжауды ғана емес, сонымен бірге қозғалыстағы су ағынынан пайда болатын табиғи процестерді де (тасындылар, еріген химиялық заттар және биоталар ағындысы, т.б.) талдауды түсіну қажет. Геожүйе, ғылыми бағыт ретінде табиғи ресурстардың жаратылыс әлеуетін тиімді пайдаланудың басты мәселелерін шешуде елеулі үлес атқарады. Табиғи ортаның құрам бөліктерінің үдемелі өзгерісін зерттеуге, кешендік геожүйелік-алаптық көзқарасты жасау және іске асыру, біртұтас географиялық кеңістік талаптарына сәйкес келуі керек. Географиялық кеңістікті зерттеуде геожүйелілік көзқарасқа деген ұмтылыс, география ғылымының тарихында бұрынырақта пайда болған. Қазіргі уақытта ландшафттардың жүйелі ұйымдастырылуын зерттеу геоэкологияның, табиғатты тиімді пайдаланудың қажеттіліктерімен анықталатын болжау мен үйлестіру мәселелерін шешуге бағытталған

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 11429, № 2, С. 143-154
Язык
Казахский
ISSN
2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
Издатель
Buketov Karaganda State University