Central Asian Research Index

Fundamental and Experimental Biology, 2024, т. 11429, № 2, с. 110-116

Portulaca oleracea L. жерасты бөлігін сынау әдістері

А.Н. Cабырбек, И.Ж. Байболсынова, М.И. Тлеубаева

Аннотация · Abstract

Сынау әдістері дәрілік өсімдіктердің сапасын қамтамасыз етуде және оларды жоғары сапалы дәрілік құралдар өндіру үшін пайдалануда маңызды орын алады. Зерттеу ауыр металдарды (Pb, Cd, As, Hg), радионуклидтерді (Cs-137, K-40, Sr-90), макро-және микроэлементтерді (кальций, мырыш, темір және мыс), пестицидтерді (гексахлорциклогексан (альфа-, бета-, гамма-изомерлер), дихлордифенил трихлорметилметан және оның метаболиттері) анықтау мақсатында бақша қараоты (Portulaca oleracea L.) дәрілік өсімдік шикізатының жерасты бөлігін кешенді талдауға арналған. Зерттеуде нәтижелердің жоғары дәлдігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері экзогенді ластаушы заттардың нормативті құжат талаптары бойынша рұқсат етілген шекті мөлшерден аспайтындығы туралы мәлімет береді. Дәрілік өсімдік шикізатының биологиялық белсенділігі мен сапасын бағалау үшін маңызды макро- және микроэлементтердің құрамы жайлы ақпарат көрсетілген. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бақша қараотының (Portulaca oleracea L.) жерасты бөлігін стандарттауда маңызды орын алады.

Сведения · Details