Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 111, № 3, с. 86-99
Қазақ әдебиеттануында Ағыбай батыр образының зерттелуі
Аннотация · Abstract
Қазақ әдебиетінде жекелеген батырлардың бейнесінің сомдалуы бүгінгі таңда ғалымдардың аса назар аудара қоймаған тақырыптардың бірі. Әсіресе, Кенесары хан тұсында отаршылдыққа қарсы күресте жан аямай күрескен батырлардың бірі Ағыбай Қоңырбайұлы туралы шығармалар әдебиеттің бірнеше саласында орын алған. Ауыз әдебиеті мен прозалық туындыларда, тарихи жырлар мен дастан, өлеңдерде батыр туралы бірқатар шығармалар дүниеге келді. Мақалада Ағыбай батыр образының әдебиеттануда қалай зерттелгені және қазіргі кездегі зерттелуіне назар аударылған. Архивтердесақталған батыр жайлы материалдар мен ауызша деректерді талдай отырып, оның тарихи бейнесі мен көркем бейнесіне салыстырулар жасалған. Ағыбай тұлғасыныың әдеби образ ретіндегі ерекшелігі туралы ғылыми тұжырымдар қарастырылған. Прозалық туындылардағы, фольклордағы Ағыбай бейнесі мен тарихи жырлардағы Ағыбай бейнесі қатар зерттеліп, «Қаһар» романындағы батыр образы арқылы берілген идеялық-эстетикалық концепциялар анықталған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ph3/86-99
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0