Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 111, № 3, с. 72-79

Некронимдердің сакралды трансформациясы

Ж.А. Ағабекова, А. Маликов

Аннотация · Abstract

Ғылыми ортада қасиетті орындарды зерттеумен түрлі сала мамандары айналысады. Географиялық нысанның қасиетті орынға айналуының негізінде елдің мәдениеті мен салт дәстүрі, ырым–тиымдары, діни түсініктері жатады. Халықтар арасындағы мәдениеттердің көрінісі де сакралды орындарда кездеседі. Мақалада аталған некронимдік трансформация үдерісінің ономастикалық іздері анықталып, жалпы әлемдік үдеріс пен оның Қазақстандағы жағдайы туралы айтылған. Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақстандық сакралды нысандар атауларындағы трансформацияның дүниежүзілік үдерістің бір көрінісі екендігін және осыған байланысты жергілікті сакралды объектілердің мағыналық (этимологиялық) классификациясын құрастыру. Зерттеу объектілері ретінде Қазақстан аумағындағы жергілікті мазарлар мен зират кешендерінің, түрлі кесенелер мен мемориалды нысандардың атаулары, сондай-ақ, «Қазақстанның киелі жерлері картасы» бағдарламасы аясында зерттеліп жатқан некронимдер алынды. Сонымен қатар мақалада агиотопонимдер құраушылексикалық қор сараланған. Олардың лексика-семантикалық мағынасы талданған. Тақырыпты ашу мақсатында ғаламторлық және жалпыға мәлім ақпараттар мен тұжырымдамаларды, сондай-ақ тарихшылар мен филологтардың осы тақырыптағы көзқарастарын және некронимдерге байланысты тарихи мәліметтер мен бүгінгі жағдайлары туралы деректер жинастырылып, салыстырмалы әдіс арқылы тұжырымдар жасалған.

Сведения · Details