Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 111, № 3, с. 42-50
Қазақ және тува тілдеріне ортақ лексиканың фонетикалық және семантикалық ерекшеліктері
Аннотация · Abstract
Қазіргі түркі тілдерінің жалпы салыстырмалы грамматикасы зерттелгенмен, алыс немесе жақын туыстықтағы түркі тілдері өзара нақты грамматикалық аспектіде салыстыра қарастырылмай келеді. Сондықтан да алыс туыстықтағы қазақ және тува тілдерінің ортақ лексикасын фонетикасы мен семантикасын салыстырудың өзектілігі бар деп білеміз. Зерттеу материалы ретінде ортақ лексиканы алудың басты себебі — ортақ лексика ғана тілдердің туыстығының басты көрсеткіші. Ал ортақлексиканың дыбыстық құрамының ұқсастығы мен айырмашылығын білу тілдердің туыстық деңгейін анықтаудың формалық, семантикалық ұқсастығы мен айырмашылығын білу мазмұндық көрсеткіші болып саналады. Нәтижесінде нақты қыпшақ-ноғай шағын тобындағы қазақ, ұйғыр тукю шағын тобындағы тува тілдерінің материалында дыбыстық және мағыналық ұқсастықтары арқылы олардың туыстығын, ерекшеліктері арқылы дербес тіл екендігі дәлелденді. Қазақ және тува тілдерінің ортақ лексикасын дыбыстық және мағыналық аспектілерде талдау арқылы туыстық деңгейі нақты фактілермен айқындалды.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ph3/42-50
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0