Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 111, № 3, с. 17-24

Батырлар жырындағы этнолексикалық қолданыстардың ерекшеліктері

А.З. Қазанбаева, З.Н. Жуынтаева, М.А. Тұрсынова

Аннотация · Abstract

Этнолингвистика ұлт мәдениетімен, тарихымен, тілімен тікелей байланысты болып келеді. Батырлар жырындағы этнолексика — материалдық мәдениеттің негізгі көрсеткіші. Мақалада тіліміздегі этнолексиканың қолданылу ерекшеліктері мен танымдық мәні сөз етіледі. Эпостық жырлардан ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, тілі айқын көрініп, этностың тұрмысынан, болмысынан толық ақпарат береді. Батырлар жырындағы этнолексикалық қолданыстардың берілу жолдары мен тілдік табиғаты мәтін ішінде айқындала түсіп, ұлттың материалдық лексикасынан орын алады. Этнолексикалық қолданыстар лексикамызда ерекше қолданыста болатындығы айқын көрінеді. Оған жырдан алынған мысалдар нақты дәлел бола алады. Батырлар жырындағы этнолексиканың қолданыс аясының кеңдігі анықталады. Ұлт мәдениетіне қатысты этномәдени атаулардың тілдік табиғаты қарастырылып, олардың лексика-семантикалық жүйедегі алатын орны мен қолданысы анықталып, жырлардан келтірілген үзінділер негізінде айқындалып, олардың ерекшеліктері жан-жақты ашылады.

Сведения · Details