Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 111, № 3, с. 137-145
Қазақ прозасындағы адам мен табиғат байланысының көрінісі (Қ. Ысқақов романдары бойынша)
Аннотация · Abstract
Мақалада көркем әдебиеттің жетекші жанрына жататын прозалық туындылар талданған. Бұл еңбекте қазақ прозасының 70-жылдарындағы өзіндік ерекшеліктерінің басты көріністері және осы уақыттағы әдебиеттің көрнекті өкілі — Қалихан Ысқақовтың шығармашылығының зерделенуі болып табылады. Сонымен қатар мақалада жазушы шығармашылығындағы шындықтың, замана проблемаларының айқын көрініс табуы және туған жерінде болып жатқан кері үдерістерге баса назар аударуы арқау етілген. Қ.Ысқақовтың «Ақсу — жер жаннаты, «Қара орман» романдары арқылы жалпы адамзатты соңғы жылдары қатты алаңдатып отырған экология проблемасының өткір түрде көрсетілуі қарастырылды. Жазушы табиғат экологиясы мен адам жанының кемелдік деңгейге жету үрдісін органикалық тұтастықта қарастыруы нәтижесінде шығармаларының салыстырмалы, типологиялық байланыс санаттарына мейлінше молынан ие болуына қол жеткізе алған. Қаламгер қолтаңбасы, шеберлік нақыштары, стильдік даралығы талдау арқауына айналды. Талданған шығармаларда мазмұн мен пішін, көркемдік тәсілдер, тарихи шындық пен көркемдік шешім т.б. мәселелерге баса назар аударылды. Әйткенмен, нақты түрде, ресми, тарихи құжаттарға сүйене отырып, негізгі ой-пікір,тұжырымдардың тың болуына басты назар аударылды. Осы және басқа да мәселелер авторлықеңбекте көркемдік әдістер аясында қарастырылған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ph3/137-145
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0