Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 74-80

Сөйлемдегі ыңғайластық қатынасқа жаңаша көзқарас

Zh.A. Zhakupov, О.М. Амандыков

Аннотация · Abstract

Қазақ тілінің синтаксистік құрылысын функционалдық тұрғыдан зерттеу әлі де қалыптаса қойған жоқ. Осындай зерттеуді қажет ететін синтаксистік қатынас — ыңғайластық қатынас. Ыңғайластық қатынасты функционалдық грамматиканың «мағынадан құралға» бағытын негізге алып қарастырғанда жаңа нәтижелерге қол жеткізуге болады. Нәтижесінде ыңғайластық қатынастың синтаксистегі парадигмаларын төрт деңгейден көруге болады: жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксистік тұтастық,мәтін. Ыңғайластық қатынастың сөйлемдегі негізгі межесі бірыңғай мүшелер екені даусыз. Қазақ тіл біліміне бірыңғай мүшелер біршама зерттелсе де, назарға алынбай келе жатқан мәселелер бар екенін байқауға болады. Сондай тілдік бірліктің бірі — ыңғайлас мүшелер. Мақалада ыңғайлас мүшенің сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен айырмашылығы көрсетіліп, оның жасалу жолдары айтылған. Ыңғайлас мүшелердің құрамына талдау жасалған. Құрмалас сөйлем құрылымында ыңғайластық қатынас айқын байқалады. Алайда синтаксис мамандары құрмалас синтаксисіне байланысты «ыңғайластық» терминін салалас пен сабақтас құрмаластардың мағыналық түріне орай ғана қолданады. Ыңғайластықты қатынасқа функционалдық тұрғыдан қарағанда, бұл ұғымның «ыңғайлас салалас», «ыңғайлас сабақтас» деген құрмалас сөйлемдермен шектелмейтіні байқалады. Талғаулықты және кезектес салаластар ыңғайлас қатынас шеңберінде жатады. Оларды байланыстыратын жалғаулықтардың бірыңғай мүше жасайтынын ескерсек, салаластың бұл түрлері ыңғайластық қатынаста болатынын дәлелдей түседі. Осылайша, мақалада сөйлемдегі ыңғайластық қатынас жаңаша сипатталған.

Сведения · Details