Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 6-12

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі антоним компонентті фразеологизмдер (салғастырмалы талдау)

Н.М. Тукешова

Аннотация · Abstract

Зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңдағы фразеологияны зерттеуге деген ғалымдардың қызығушылығында болып отыр. Ағылшын және қазақ тілдері әр құрылымды тілдер болғандықтан, фразеологизмдердің жасалуында да әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері болатыны анық. Сондықтан антоним компонентті фразеологизмдерге салғастырмалы талдау жүргізудегі мақсат екі тілдің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын олардың сөз таптарына қатысын зерттеу барысында анықтау. Зерттеудің нысаны антоним компонентті фразеологизмдер болғандықтан, зерттеу барысында әртүрлі фразеологиялық сөздіктерден антоним компонентті фразеологизмдер іріктеп алынған. Сонымен қатар оларды келесі құрылымдық-грамматикалық топтарға бөліп қарастырған: субстантивті, адъективті, адвербиалды және етістікті антоним компонентті фразеологизмдер. Зерттеуде антоним компонентті фразеологизмдердің ұйытқы компоненттерінің морфологиялық көрінісі, фразеологизм құрамындағы компоненттердің синтаксистік байланыс түрлері талданған. Зерттеу нәтижесінде фразеологиялық сөздіктерден іріктелініп алынған фразеологизмдердің қай сөз таптарына жататыны, олардың екі тілде қай түрі өнімді, қай түрі өнімсіз екені анықталды. Фразеологизмдердің белгілі бір сөз таптарына қатысын анықтауда олардың тұтастай алғандағы беретін мағынасына сүйенген.

Сведения · Details