Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 40-47

Ғылыми мәтіндегі терминдер аударма нысаны ретінде

Ж.Н. Құзар, Г.И. Кульдеева

Аннотация · Abstract

Мақалада терминологияны зерттеген ғалымдарға қысқаша шолу жасалынды, терминологияның дамуы аударма тәжірибесімен тығыз байланысы көрсетілді. Осыған байланысты инженерлік желілер мен құрылыс салаларының терминологиясын аудару мәселелері аударматану ғылымында ерекше көңіл бөлінеді. Әртүрлі зерттеушілер ұсынған аударма әдістеріне сүйене отырып, зерттеу саласының терминдерін ағылшын тілінен қазақ тіліне толығымен көшіруге барынша сәйкес келетін әдістерді таңдаған. Оларды қалай болса солай аудара салмай, талқыға салып, дұрыс баламасын табуға тырысқан. Тер-миндерді аударуда ұқсас мағынадағы баламасын табу, транслитерация мен транскрипция, синонимдік ауыстыру әдістері қолданылады. Қазақ тіліндегі біршама терминдер калькалаудың түрлі әдістері арқылы берілген. Сонымен қатар, аудармашының терминологиялық құзыреттілігі оның кәсіби құзыреттілігінің негізгісі болып отырып, мақалада терминологиялық құзыреттілікті зерттеу әдістемесін мазмұнды түрде ашуға, оның маңызды сипаттамалары мен функцияларын анықтауға әрекет жасалынды.

Сведения · Details