Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 30-39

Прецедентті феномендер газет тақырып аттары ретінде

А.Ш. Каппасова, А.С. Адилова

Аннотация · Abstract

Мақалада газет мәтіндеріндегі прецедентті құбылыстар мәселесі қарастырылған. Лингвомәдениеттану саласы тіл мен мәдениеттің арақатынасын, тіл арқылы ұлттың мәдениетін зерттейтін жаңа сала. Бұл сала лингвистика мен мәдениеттанудың басты мәселелерінің байланысының негізінде пайда болған. Негізгі нысаны, негізгі бірлігі — прецедентті феномендер. Әр халықтың жадындағы басты құндылықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп беретін құралдың бірі де — осы прецеденттік феномендер. Бұл құбылыс арқылы әр ұлттың, әр халықтың ерекшелігі көрінеді. Ғылыми мақалада мәтін тақырып аты ретіндепрецедентті феномендерді құрайтын мақал-мәтел, афоризм, сентенция, ақын-жазушылар шығармаларынан алынған прецедентті мәтіндер, ән мәтіндеріне талдау жасалған. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мақалаларды зерттеу барысында салыстыру, талдау, жинақтау әдістері қолданылды. Нәтижесінде газет тіліндегі прецедентті құбылыстарды құрайтын прецедентті мәтіндер, прецедентті айтылым түрлеріне мысалдар жинастырылып, теориямен дәлелденді.

Сведения · Details