Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 141-147
Қараджаоғлан шығармашылығында лирика жанры
Аннотация · Abstract
Қазақ және түрік халықтарының рухани мәдениетіндегі көп ғасырлар бойы қалыптасқан, дамыған негізгі мұра — ақын-жыраулар мен ашықтар поэзиясы. Мақалада XVII ғасырдағы түрік ашық әдебиетінің ең көрнекті өкілі Қараджаоғланның поэзиясындағы көңіл-күй және табиғат лирикасының көркемдік ерекшеліктерінің айқын көріністері зерделенген. Ақынның туған жер, өзен-көлдер, таулар мен жазира жайлауларды жан дүниесімен тебірене жырлау дәстүрінің қазақ ақын жыраулары шығармашылығымен үндес екендігін айқындау және бауырлас халықтар арасындағы тарихи-мәдени тамырлас-тықтың тереңдігін дәлелдеу мақсат болып табылады. Көңіл-күй өлеңдері — лирикалық шығармалар ішінде жеке адамның жандүниесінде болып жатқан сапырылысқан, кейбірі үндес, көпшілігі қарама-қайшы ойлардың жырлануы. Көңіл-күй лирикасы үлгісіндегі өлеңдерде автор өмірдің қайшылық құбылыстарымен сәт сайын бетпе-бет келіп, дағдарысты және шешімді жағдайларды басынан өткізіп келе жатқан адамзаттың жандүниесіндегі жай-күйді сөз арқауына алады. Қараджаоғлан өлеңдерінде фәни дүниедегі барлық әрекеттердің, кезеңдердің опа бермейтін өткіншілігі элегиялық сыршыл мұң тілімен беріледі. Ақынның өлеңдерінде табиғат тақырыбы көшпелі өмір салтымен өріле отырып, кейде сырласа, кейде тілдесе жырлау арқылы туған жерге деген ықыласын өте терең теңеулер арқылы жеткізуге тырысқандығы зерделенеді. Зерттеуде тарихи жүйелеу, әдеби талдау, тарихи-салыстырмалы сипаттау, жинақтау әдіс-тәсілдері қолданылды. Мақалада Қараджаоғланның таңдамалы өлеңдері түп-нұсқадан аударылып, лирикалық жанрда жазылған өлеңдерін қазақ оқырмандарына таныстыру көзделген және қазақ-түрік әдеби байланыстарының терең тамырының көріністері нақты мысалдар нәтижесінде айшықталған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ph2/141-147
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0