Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 125-131

Көркем идея және драматизм

К.А. Толеубаева, А.М. Смагулова

Аннотация · Abstract

Мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік дәстүрі қалыптасқан повесть жанрындағы драматизм мәселелері қарастырылған. Мақаланың мақсаты — қазақ қаламгерлерінің шығармашылығындағы драматизмнің әдеби-эстетикалық қырларын назарға ала отырып, қазіргі жаңа бағыттағы қазақ повестеріндегі драматизм мәселелеріне көркемдік талдау жасау. Атап айтқанда, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі— Оралхан Бөкейдің «Атау кере (Қауіпті будан)» және Әлібек Асқаровтың «Батқан күннің бояуы» туындылары. Зерттеу барысында саралау, теориялық талдау және жинақтау әдістері қолданылды.Көптеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалынып, драматизмнің шығармадағы ірі қозғаушы күш екендігі айқындалды. Зерттеудің нәтижесінде аталған повестердегі драматизмнің эстетикалық мәні мен көркемдік қызметі талданып, әр жазушының қоғамдық-әлеуметтік ортасындағы тартыстар мен қарама-қайшылықтар оның шығармашылығында із қалдыратындығы, авторлық концепция мен жазушының дүниетанымы драматизмде айрықша көрініс табатыны тұжырымдалды.

Сведения · Details