Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 114-124

І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Ағыбай батыр образы

А.М. Жакулаев, А.М. Бабашов

Аннотация · Abstract

Мақалада тарихи тұлға Ақжолтай Ағыбай батырдың тарихи және көркем бейнесі тарихи дискурс категориясы негізінде қарастырылған. Ағыбай батырдың өмір жолындағы айтулы оқиғалардың, аңыздардың ғалымдар зерттеуіндегі әртүрлі нұсқалары сарапталған. Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романындағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мән-маңызы, хан Кененің бас қолбасшысы һәм көтерілістің бас сардары Ағыбай батырдың тарихи тұлғасы, оның әдеби шығармалардағы көркем бейнесінің тарихи деректермен байланысы сөз болады. Романдағы тарихи жағдайлар О.Г. Плехова ұсынған тарихи дискурсқа тән бірқатар дискурсивті формулалар бойынша топтастырылған. Сонымен қатар тарихи дискурс категориясының басты дискурсиві болатын тарихи тұлға мен тарихи фактілердің көркем мәтінде интерпретациялануы зерделенген. Ағыбай батыр образы негізгі оқиғалар мен оған қатысушылар; контекстік мән; оқиғалардағы мән-жайлар; оған қатысушыларды бағалау; дискурсты оқиғалармен байланыстыратын мәліметтер; оқиғалардың хронологиялық нақтылығы; сюжеттері мен драмалануының мазмұнды баяндалуы сынды тарихи дискурстың негізгі элементтері тұрғысынан зерттеледі. Зерттеу барысында дәстүрлі, салыстыру, салыстыру-талдау, интерпретация-лық, семантикалық әдістері қолданылған.

Сведения · Details