Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 110, № 2, с. 104-113

Структурно-содержательный потенциал прецедентных феноменов

Б.К. Жумабекова, Н.А. Шахметова

Аннотация · Abstract

Мақалада прецеденттілік теориясына арналған ғылыми әдебиетке шолу жасалған; «прецеденттік құбылыс» терминінің түсінігі мен оның топтастырылуы туралы лингвистика ғылымында қалыптасқан ғылыми көзқарастар баяндалған. Қазақ тілі материалы негізінде авторлар прецеденттік атаулар, прецеденттік сөйлемдер, прецеденттік жағдаяттар және прецеденттік мәтіндерге жататын мақалдар сынды прецеденттік құбылыстарды талдаған. Тілдік материалды талдау барысында прецеденттік құбылыстардың өздеріне тән ерекшеліктері анықталып, сипатталған. Авторлар сонымен қатар прецеденттік атаудың құрылымын нақты ұсынды және белгілі бір құрылымдық компонентті бөліп көрсету қажеттілігін негіздеді. Сонымен қатар, адам болмысының, оның іс-әрекеттерінің, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасының бағалауын көрсететін прецеденттік құбылыстардың мазмұндық әлеуеті анықталған. Демек, авторлар прецеденттік құбылыстар әлемнің құндылық моделін қалыптастыру құралы ретінде әрекет ететіндігін негіздейді.

Сведения · Details