Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2023, т. 1, № 109, с. 95-101
Ethnopoetic character of Alibek Askarov's novel «One day, one night»
Әлібек Асқаровтың «Бір күн, бір түн» романының этнопоэтикалық сипаты
Аннотация · Abstract
Мақалада бірнеше ғылымдар тоғысында пайда болған поэтиканың бір саласына жататын этнопоэтика туралы сөз болады. Қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі өзекті болып табылады, сондықтан автор осы бағытты зерттеуді мақсат еткен және көркем туындыдағы ұлттық ерекшелікті қарастырған. Аталмыш мақалада ұлттық pyх, дүниетаным, менталитет, мінез, тәpбиe, құндылықтар сияқты мәселелер қамтылған. Сонымен қатар, әдебиеттің ұлттық сипатына қатысты бірқатар ғалымдардың пікірі берілген. Мақаланың негізінде жазушы Әлібек Асқаровтың «Бір күн, бір түн» романының этнопоэтикалық сипаты айқындалған. Әдеби туындыда кездесетін таза қазақи сөз қолданыстары мен халықтық таным-түсініктің өзіндік ерекшеліктері ғылыми тұрғыда талданған. Шығарманың ұлттық болмысын танытатын этнопоэтикалық сипатымен қоса, заман шындығын бейнелейтін реалистік тұсы да көрсетіледі.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ph1/95-101
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0