Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 112, № 4, с. 7-13
Жоба технологиясы студенттердің рефлексивті құзыреттілігін қалыптастыру құралы
Аннотация · Abstract
Мақалада білім беру процесіндегі кәсіби құзыреттіліктің мәні, оның ішінде рефлексивті құзыреттіліктің алатын орны мен оны қалыптастырудағы жоба технологиясының мүмкіндіктері көрсетілген. Қазіргі жағдайда білім алушының нақты білімі ғана емес, оның белгілі бір кәсіби әрекетті білікті түрде жүзеге асыру қабілеті ерекше маңызға ие, ол бағалаудың негізгі объектісі және оқыту сапасының қасиетіне айналады. Рефлексивті құзыреттілікті қалыптастыру және студенттердің танымдық қызығушылығын арттыру үшін студенттермен шығармашылық жұмыстың жаңа әдістерін әзірлеу және ең тиімді және ұтымдыларын таңдау қажеттілігі туындайды. Мұндай тиімді педагогикалық технология студенттерді әртүрлі қызмет түрлеріне қосу арқылы кәсіптік оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жоба технологиясы болып табылады. Оқытуда жоба технологиясын қолдану қазіргі студенттерге білімді қарапайым игеруге ғана емес, сонымен қатар игеру тәсілдеріне, ойлау мен іс-әрекеттің үлгілері мен әдістеріне, әр студенттің танымдық белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағыттайды. Жобалау әрекетінің негіздерін игерудің өзектілігі оның білім беру жүйесін ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде кең қолдану саласына ие болуымен, аналитикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық функцияларды тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігімен және маманның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіндігімен байланысты
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ped4/7-13
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0