Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 112, № 4, с. 116-122

Буллингтің алдын алудың практикалық аспектілері

А.А. Алимбекова

Аннотация · Abstract

Мақалада буллинг ұғымы агрессивті мінез-құлықтың бір түрі ретінде қарастырылған. Бұл ұғымға қатысты ғалымдардың бірнеше ғылыми тұжырымдары берілген. Авторлар жалпы білім беретін орта мектепте буллингтің алдын алу жұмыстарының практикалық аспектілерін өздері жүргізген диагностикалық жұмыстарының нәтижелері арқылы көрсете білген. Жасөспірім кезеңіндегі буллингтің негізгі себептері нақты аталған. Олар: мектептің атмосферасы, тұлғаішілік себептердің психологиялық және физиологиялық өзгерістерді қамтитын өтпелі жастағы тәжірибеге негізделетіні, ал отбасылық себептер балалар мен ата-аналар арасындағы мәселерден туындайтындығы туралы айтылған. Аталған себептер оқушылардың психологиялық өзгерістерімен байланысты. Сонымен қатар, буллингке де және оның құрбандарына қатысты болатыны ғылыми идея тұрғысында жазылған. Диагностика жұмыстарында мектептегі буллингті анықтауға арналған ғылыми зерттеу нәтижелері дәлелденген әдістер қолданылған. Буллингтің алдын алуға байланысты тренинг бағдарламасы оқушылардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орнатуына ықпал етуге бағытталған. Оқушының өзін-өзі бағалай білуіне, дәрежесін көтеруіне мотивация беретін, басқа адамдарға шыдамдылықпен, құрметпен, кешірімділікпен қарауға үйрететін, адами құндылықтарға негізделген.

Сведения · Details