Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 110, № 2, с. 97-104
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дизайнды қолдануға даярлаудың мәні мен мазмұны
Аннотация · Abstract
Мақалада шетелдік және отандық зерттеушілердің «педагогикалық дизайн» ұғымына талдау жасалынып, зерделенген. Педагогикалық дизайнның көпқырлылығын ескеріп, зерттеу кезеңдеріне сипаттама берілген. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлау тәжірибесінде педагогикалық дизайнды қолдану аспектілері қарастырылған. Зерттеу жұмысының барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлау кезіндегі педагогикалық дизайнды қолдану мәселесі, даярлау барысында туындаған қайшылықтары және шарттары қарастырылған, сонымен қатар даярлау барысындағы тиімділігі анықталған. ADDIE модулі педагогикалық дизайнның басқа модульдерінің негізі болып табылады. Осы модульді қолдану арқылы педагогикалық дизайн білім алушылардың ақпараттық-білім беру ортасын құрастыру және түрлендіруге қолжеткізетіндігі туралы айтылған. Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық дизайнды қолдануға даярлаудың үш деңгейінің сипаттамасы ұсынылып, құрылымдық компоненттері мен критерийлері көрсетілген. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби қызметте педагогикалық дизайнды қолдануға дайындау мәселесі тиісті деңгейде ұйымдастырылмай отырғандығы анықталған, ол дайындық үшін қажетті оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етпеу мақсатынан туындап отыр. Авторлар мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде педагогикалық дизайнды қолдануға дайындау мүмкіндіктерін талдап және педагогикалық шарттарын айқындаған
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ped2/97-104
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0