Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 110, № 2, с. 88-96

География пәні мұғалімдерін дайындауда цифрлық білім беру ресурстарының ерекшелігі

Д.А. Кадирбаева

Аннотация · Abstract

Мақалада қоғамның барлық саласы, еңбек нарығы цифрлық ресурстарды кеңінен қолдана білетін мамандарды талап етіп отырғандықтан, болашақ маман иелерін цифрлық ресурстарды кеңінен қолдана білуге дайындауда жоғары оқу орында атқарылатын жұмыстар түріне сипаттама жасалған. Білім беру, оқытуда цифрлық технология жаңа контексті құрап отыр, қазіргі уақытта ғылыми-зерттеу орталықтары ақпаратты жеткізу бойынша жасап жатқан ресурстар түрлерімен болашақ ұстаздарды дайындау. Күнделікті дәріс, семинар сабақтарды цифрлық ресурстарды қолдану арқылы студенттерді даярлау. Сабақ барысында цифрлық ресурстарды қолдану жаңа инновациялық технологияларды қолдану мүмкіндігін кеңейтеді. Қазіргі уақытта білім саласында мобильділік өте жоғары болуы, электронды портфолио, кредиттер, интернет-журнал, подкаст цифрлық ресурстарды кең көлемде қолдануды талап етеді. Оқытушылар студенттерге жұмыстың мазмұнын, әдісін, құралы мен формаларын өзгертуге мүмкіндік жасай алатын шығармашылық жұмыстарды ұсына отырып, өзіндік жұмыстардың сипатын талдауды, оқу қызметін өз беттерінше ұйымдастыра алуды, білім алуда оқытудың топтық, ұжымдық түрін таңдауға бағыт бере отырып, білім берудегі цифрлық ресурстардың қажеттілігін түсіндіреді. Цифрлық білім берудің ерекшеліктерін: білім алушы үшін түсініктілігін, нақты мәліметтердің болуын, дәрісті жоспарлауда нақты түрін таңдау, білім алушылардың дағды, білім, білікке негізделген оқу іс-әрекетінің түрлерін ұсыну, білім берудің деңгейлік саралау, даралау мүмкіндігін, білім беруде заманауи жоғары интерактивтілігін, мультимедиялығын қамтамасыз етілуін ескеру қажет. Жоғары оқу орны оқытушысының негізгі мақсаты, оқытудың сапалы нәтижелеріне жетуге жағдай жасайтын және цифрлық технологияға негізделген оқыту дизайндарын зерттеуге бағытталады. Мақалада география пәні мұғалімдеріне жоғары сапалы білім беруді анықтау үшін, сапалы оқуды ұсынатын принциптер кешені дайындалуы туралы және жоғары білім беру кезінде аса сапалы оқытуды қамтамасыз ете алатындай әлеуеті бар оқыту дизайнының басты элементтерін сипаттау үшін ассоциативтік, когнитивтік, жағдаяттық тұғырларын қолданудың қажеттілігі сипатталады: білім алушылардың білімді игеруге атсалысуын, студенттердің бұрын игерген білімдері мен қалауларын ескере отырып, соның негізінде олар күткен деңгейде білім ұсыну, оқыту контексіне мән беру, оқыту дизайнын жүзеге асыру мәселесін және білім алушыға ұсынылатын кеңірек оқыту бағдарламасы аясында оның орнын қарастыру. Цифрлық білім беруде білім алушыға қойылатын міндет түрлері, оның өз оқуына сыни көзбен қарауына, зияткерлік дағдыларына қолдау көрсету үшін белсенді атсалысуын ынталандыруға және құлшынысын арттыруға арналған тәсілдерді талдау, білім алушылардың үйреніп, қалыптастырып жатқан білімдерін өздеріне және өз сыныптастарына көрсетіп, оны бөлісуге ынталандыру.

Сведения · Details