Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 110, № 2, с. 81-87
Рухани жаңғыру аясында өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін дамыту ерекшеліктері
Аннотация · Abstract
Мақалада рухани жаңғыру аясында өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін дамыту ерекшеліктері қарастырылған. Рухани жаңғыру ― адам баласының, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай алуы. Авторлар қазіргі дәуір мен мемлекеттің даму дәуірінің ажырамас бөлігі ретінде рухани жаңғыруды қарастыра отырып, оның ел дамуына және өскелең ұрпақтың мәдениетті адамзат болып қалыптасуына үлесін айрықша ашып көрсетеді. Мәдениет қоғамның тарихи даму деңгейімен байланысты. Сонымен қатар, мәдениет ― әлеуметтік-тарихи формациялардың өзгеруіне байланысты дамитын тарихи құбылыс. Мәдениеттің өзегі адамзаттық құндылықтар болып табылады. Өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу, олардың рухани адамгершілік дамуына білім беру саласының рөліне жан-жақты талдаулар жасалған. Адамгершілік мәдениеттің теориялық-әдіснамалық негіздері егжей-тегжейлі талданған. Авторлар қазақ халқының ұлы ойшылдары мен ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиевтің еңбектерінде жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту мәселелері қарастырылғанын, оның ішінде Ұлы Абайдың толық адам ілімінде адами, адамгершілік және адамгершілік қағидаттары басшылыққа алынғанын сөз еткен. Адамгершілік мәдениет белгілерін қалыптастыру үшін жеке тұлғаның сезіміне әсер етіп, оның дүниетанымының дамуына ықпал ету қажет. Мақалада тақырыптың өзектілігі рухани жаңғыру аясында өскелең ұрпақтың адамгершілік мәдениетін дамыту ерекшеліктері ғылыми тұрғыдан баяндалған. Зерттеу материалдары бойынша мақалада қорытынды тұжырымдар жасалған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ped2/81-87
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0