Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 110, № 2, с. 65-72
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы негізіндегі өзекті мәселелер
Аннотация · Abstract
Мақалада президентіміз Қ.-Ж.К. Тоқаевтың соңғы жолдауында көрсетілген мақсатты мәселелерге сәйкес, елімізде сапалы білім берудің өзекті жолдарына педагогикалық негіздемелер жасалған. Білімді ұлт ― келешектің негізі. Сондықтан сапалы білім беру жолдарын педагогикалық тәжірибе ― Жаңа Қазақстанда білім берудің мазмұны және оның негізгі баспалдақтары қарастырылған. Сонымен қатар сапалы білім берудің негізгі мазмұны талқыланған, сапалы білім берудегі жұмыс жоспары, оқыту бағдарламаларына негізделген оқулықтар материалдары сараланған. Сапалы білім беру мазмұнының іріктеу өлшемдері мен білім беру мазмұнына да жан-жақты талдаулар жүргізілген. Авторлар сапалы білім берудің бағдарламалық тәсілдерінің бірнеше түрлерін көрсеткен. Ол тәсілдерді екі түрге ― шоғырландыру тәсілі және сызықтық тәсілдерге бөлу негізінде алған. Сондай-ақ қазіргі Жаңа Қазақстанда жалпыға бірдей орта білім беруді дәйектілікпен жүзеге асыру міндеттемесі көрсетілген. Ұлттық педагогиканың озық дәстүрлері негізінде құрастырылатын оқулық мазмұнына баса көңіл бөлу қажеттілігі де айтылған. Теория мен практика негіздерін ұштастыру да назарда болған. Мақалада оқыту процесінің қозғаушы күштері талданып, танымдық міндеттер, құбылыстарды қабылдау, оқушының қиялы, ой елегінен өткізу, дағды мен іскерліктерді дамыту негіздері сөз болған. Сапалы білім беру негізіндегі оқу мотивтерінің орын ерекшелігі талданып, танымдық ынта мәселесі жан-жақты зерттелген.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ped2/65-72
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0