Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 110, № 2, с. 165-176

Цифрлық оқу контенттері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шетел тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру

Г.С. Каримова

Аннотация · Abstract

Авторлар білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау және бастауыш сынып оқушыларына шетел тілін үйрету үшін сапалы цифрлық контент құру мәселелерін зерттеген. COVID-19 пандемиясы кезеңінде білім беруді цифрлық трансформациялау және қашықтықтан оқыту нысанына мәжбүрлі көшу контексінде осы зерттеудің авторлары цифрлық оқу мазмұны оқушыларды ҚР-да ағылшын тілін оқытудың тиімді құралы болып табылатынын ғылыми-әдістемелік негіздеді. Авторлардың әзірлеген оқу кешенінің негізгі артықшылығы — ол онлайн форматқа да, офлайн оқыту форматына да бейімделген. Жүргізілген талдау қазақстандық оқушылардың жас, психологиялық, сондай-ақ рухани-адамгершілік ерекшеліктері мен мәдени құндылықтарын ескеретін цифрлық білім беру контентінің сандық және сапалық жеткіліксіздігін көрсетеді. Зерттеудің жаңалығы — ғылыми-теориялық тұрғыдан ҚР-да білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында цифрлық оқу контенттерін құру қажеттілігі негізделген. Зерттеудің мақсаты ― бастауыш сынып оқушыларының цифрлық және шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігін, баланың эмоционалды-құндылық даму деңгейін қалыптастыру, сондай-ақ ағылшын тілі бойынша әзірленген оқу кешенінің тиімділігін анықтау болып табылады. Зерттеу психологиялық-педагогикалық эксперимент әдісімен жүргізілді, бастауыш сынып оқушыларын тестілеу, педагогикалық бақылау, сондай-ақ зерттеушінің ағылшын тілін тікелей оқытуы нәтижесінде алынған эмпирикалық материал талданып, жинақталды.

Сведения · Details