Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series, 2023, т. 110, № 2, с. 119-124

Болашақ химия мұғалімдерін кәсіби даярлауда ақпараттандырудың педагогикалық негіздері

А.Р. Бекбенова

Аннотация · Abstract

Болашақта білім беру жүйелері болашақ мұғалімдерді кәсіби маман ретінде дайындауда көмектесетін мағыналы ақпараттандырумен, дағдылармен және жаңашылдықпен қамтамасыз етудің тиісті жолдарын әзірлеуге бағытталған. Мақалада жоғары педагогикалық оқу орнындағы болашақ химия мұғалімдерін кәсіби даярлауда ақпараттандырудың педагогикалық негіздері қарастырылған. Білім беруге негізделген тәсілден тәжірибеге бағытталған оқыту нәтижелері бағытында білім беру үдерісін ақпараттандыруға назар аударылған. Болашақ химия мұғалімдерінің кәсіптік салада өзін-өзі ұйымдастыруға қажеттілігі жоғары сипат алып отырған ақпараттық қоғамның білім саласымен байланысты даму арқылы білім беруге ыңғайлы үлгісі көрсетілген. Бұл модельге сәйкес болашақ мұғалім пәндік және әлеуметтік мазмұнын белгілеу және өзін-өзі ұйымдастырудың кәсіби бағытталған жағдайларын жобалау қажет. Осы ретте ағымдағы мақсаттарды, міндеттер мен талаптарды ескере отырып, мақалада 2021-2022 оқу жылындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Химия» білім беру бағдарламасында оқытылатын пәндер арқылы таңдалған тақырып бойынша жасалған қорытындылар берілген. Болашақ химия мұғалімдерін өз кәсіптік саласында өзін-өзі ұйымдастыру құзыреттілігінің іс-әрекеті мен практикалық құрамдастарының қалыптасу деңгейін зерттеу үшін бірқатар тиімді әдістер қолданылды. Авторлар өз кәсіптік саласында болашақ химия мұғалімдерінің арасында ақпараттандырудың педагогикалық негіздерін ұйымдастыруды қалыптастырумен байланысты барлық мүмкіндіктерді, туындайтын проблемалардан шығу жолдарын және тәуекелдерді қарастырған.

Сведения · Details