Eurasian Physical Technical Journal, 2023, т. 20, № 2(44), с. 32-40
AUTOMATED TEMPERATURE AND HUMIDITY CONTROL AND MONITORING SYSTEM FOR IMPROVING THE PERFORMANCE IN DRYING SYSTEM
Аннотация · Abstract
Температура мен салыстырмалы ылғалдылық азық түлік тағамдарының сапасын сақтау және жақсарту үшін кептіру процестеріндегі бақылаудың негізгі параметрлері болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін әртүрлі климаттық аймақтардың қоршаған орта талаптарына және кептірілген өнімнің түріне сәйкес жылу мен кептіру ағындарын қамтамасыз ететін автоматты басқару жүйесі әзірленіп құрастырылды. Датчиктермен бірге басқару жүйесі кептіру камерасының температурасы мен ылғалдылығын берілген параметрлер бойынша онлайн режимінде реттеуге мүмкіндік береді. Сәулелену тым аз немесе жоқ болғанда немесе кептірудің жоғары жылдамдығы қажет болған жағдайда, резервтік электр жылытқышына қосымша ретінде электр қозғалтқышы бар желдеткіштің көмегімен қыздырылған ауа ағыны жасалуы мүмкін. Желдеткіш кептіру камерасының қажетті температурасына байланысты энергия тиімділігін арттыру үшін ендік-импульстік модуляциялау технологиясымен жылдамдығын автоматты түрде өзгертеді. Arduino Uno тақтасындағы басқару жүйесі күн кептіргішіне салынған, содан кейін сынақтар өткізіледі. Сынақ нәтижелері дисплейде көрсетіледі. Басқару жүйесі қоршаған ортаның температурасын 40-тан 60 °C-қа дейін және салыстырмалы ылғалдылықты 10-нан 20% - ға дейін ұстап тұруға бейімделген. Кептіру ортасын басқарудағы тиімділігін көрсететін эксперименттік дәлелдерге сәйкес, жүйе әртүрлі климаттық аймақтар мен кептіру өнімдері үшін икемді шешім болып табылады. Бұл жүйе энергияны үнемдей алады, себебі ол азық-түлік тағамдарының айналасындағы температура 60 °C-тан төмен болған кезде ғана жұмыс істейді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023no2/32-40
- Журнал · Journal Eurasian Physical Technical Journal
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 9