Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, 2023, т. 111, № 3, с. 87-95

Қазақстан Республикасындағы пенитенциарлық пробацияны жүзеге асыруда құқықтық көмекті қамтамасыз ету

А.А. Мусекенова, Д. Нұрмуханқызы

Аннотация · Abstract

Зерттеудің мақсаты өзіне қатысты пробацияны жүзеге асыратын адамдарды құқықтық көмекпен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайын қарастыру және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Мақалада өздеріне қатысты үкімдік және пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдардың құқықтық көмек алуының қалыптасқан тетігі қарастырылған. Білікті заң көмегін алудың қиындығына және оны түзеу мекемелерімен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Өздеріне қатысты үкімдік және пенитенциарлық пробация қолданылатын адамдардың білікті заң көмегімен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтау мақсатында зерттеудің жалпыға ортақ, жалпы ғылыми, жеке және жеке-құқықтық әдістері пайдаланылды. Атап айтқанда, пробация қолданылатын адамдарға заң көмегін көрсету туралы заңнаманың дамуын зерделеу мақсатында диалектика әдістері пайдаланылды. Пробация жүзеге асырылатын адамдарды құқықтық көмекпен қамтамасыз етудің проблемалары, сондай-ақ жетістіктері мен кемшіліктерін бағалауда қазіргі жағдайға талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде құқықтық көмекпен қамтамасыз ету проблемалары жүйеленді және оны жетілдіру мақсатында заңнамаға ұсыныстар әзірленді. Осы тақырыпты зерттей келе, үкімдік және (немесе) пенитенциарлық пробация белгіленген адамдардың құқықтық көмекпен қамтамасыз етілуінің заңнамалық олқылықтары бра екендігін және халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтінін атап өтуге болады.

Сведения · Details