Bulletin of the Karaganda University “Law Series”, 2023, т. 111, № 3, с. 45-59
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың құқықтық және ұйымдастырушылық ерекшеліктері
Аннотация · Abstract
Зерттеудің мақсаты — Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың теориясы мен тәжірибесіне тоқтала отырып, оның ұлттық негіздерінің тарихи-дәстүрлі тұжырымдарын бекіту, қазіргі уақыттағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дамытудың негізгі мәселелерін талдау, оның ұлттық моделін қалыптастырудағы басты кедергілерді анықтау және оны жетілдіруге қажетті заңнамалық ұсыныстар беру. Мақалада елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың дәл қазіргі уақыттағы маңыздылығы ашылған, оның ұлттық моделін жасаудағы ескеретін мәселелер талданып, тиісті заңнамалық ұсыныстар қарастырылған. Тарихи-диалектикалық әдісті қолданудың нәтижесінде Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуының тарихи сабақтастығы мен оның тиісті дәрежеде дамымауы анықталды. Сонымен қатар, зерттеуді жүргізу барысында жергілікті өзін-өзі басқару туралы қазіргі қалыптасқан заңнамаға құқықтық анализ жасалып, синтез әдісі арқылы оның компоненттерінде болып жатқан олқылықтар айқындалды. Өзге елдердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуын, оның қазақстандық тәжірибемен ұштасуын өзара талдау мақсатында салыстырмалы-құқықтық талдаулар да жасалды. Зерттеу нәтижесінде құқықтық талдаудың көмегімен жергілікті өзін-өзі басқарудың заңнамалық және ұйымдастырушылық проблемалары жүйеленіп, оны жетілдіру мақсатында заңнамаға ұсыныстар әзірленді. Тақырыпты зерттей келе, Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдірудегі ескерілмей жатқан тұстары айқындалды және оны дамытудың ұлттық, тарихи және аймақтық ерекшеліктері қарастырылды.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023l3/45-59
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University “Law Series”
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0