Оңалту және банкроттық рәсіміндегі борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану негіздері
Зерттеудің мақсаты оңалту және банкроттықтағы мәмілелерді жарамсыз деп тану негіздерінің ішіндегі объективті және субъективті күдікті мәмілелерді жан-жақты талдау, тарихи аспектісін қарастыру, отандық заңнамадағы олқылықтарға тоқталу, шетел заңнамасымен салыстырмалы талдау жасау. Зерттеудің әдістемелік негізін формальды-логикалық, ғылыми талдау және синтез, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық тәрізді жалпы және жеке әдістер құрайды. Зерттеу нәтижесінде банкроттықтағы мәмілені даулаудың тарихи аспектесі, яғни Ежелгі Рим құқығының «Actio Pauliana» — Паулдық талап, «Laesio enormis» институттары қарастырылды. ҚР «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 7-бабының 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларының нормаларына құқықтық талдау жасалып, «айтарлықтай нашар жағына қарай өзгеше болуы» түсінігіне қатысты пікірлерге қатысты автордың өз тұжырымы берілген. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының банкроттық заңнамасына салыстырмалы талдау жасала отырып, объективті және субъективті күдікті мәмілелердің ерекшеліктері қарастырылып, сот тәжірибесінен мысал келтірілді. Банкроттықтағы мәмілелерді жарамсыз деп танудағы объективті және субъективті теорияларды пайдалануға қатысты әртүрлі көзқарастар талқыланды. Қорытындысында бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының банкроттық заңнамасындағы кейбір түсініктер нақтылануы қажет деген ұсыныстар жасалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 111, № 3, С. 145-156
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2518-7945 · 2663-5119
- Издатель
- Buketov Karaganda State University