Central AsianResearch Index

Блокчейн технологиясын қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндіктері

Зерттеу мақсаты инновациялық технология — блокчейн технологиясын қолдану арқылы Egov және мемлекеттік сатып алу порталдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мүмкіндіктерін айқындау. Зерттеуде ғылыми зерттеудің іргелі және қолданбалы, құқықтық салыстыру, құқықтық статистикалық, жүйелік, логикалық, функционалдық әдістері қолданылған. Қол жеткізілген нәтижелер. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуда блокчейн технологиясының әлеуеті қарастырылған. Технологиялық жүйенің басымдықтары мен осал тұстары ашылған. Шетелдік тәжірибелер зерделеніп, технологияны қолданысқа енгізу үшін Қазақстанның заңнамасындағы негіздер зерттелген. Қысқаша қорытынды. Блокчейн технологиясы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға негіз болған мән-жайларды жою арқылы олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандық заңнамаға бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізуге құқықтық негіздер анықталған. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары кең таралған мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар саласындағы қаржылық-есептік құжаттарды блокчейн ақпараттық жүйесінде қалыптастыру осы саладағы бюджет қаражатын жымқыру, алаяқтық фактілеріне тиімді тосқауыл болуы мүмкін. Блокчейн технологиясын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу құралы ретінде қарастырып, осы бағыттағы келесі құқықтық зерттеулерге жол ашуы зерттеудің ғылыми маңыздылығы болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттырып, жемқорлық құқық бұзушылықтарының деңгейін төмендетуге септігін тигізіп, нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық дамуға негіздер жасалуы зерттеудің тәжірибелік маңызы болмақ. Зерттеу нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, мемлекеттік, квазимемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында қолданылуы мүмкін.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 111, № 3, С. 108-118
Язык
Казахский
ISSN
2518-7945 · 2663-5119
Издатель
Buketov Karaganda State University