Central Asian Research Index

Eurasian Journal of History, 2023, т. 112, № 4, с. 159-165

Бірінші дүниежүзілік соғыс және 1916 ж. көтеріліс: қазақтардың қатысуы, тарихы және мәселелері

Ж.З. Тулеубаев, Х.Б. Маслов, А.Т. Дукомбайев

Аннотация · Abstract

Мақала тақырыбының өзектілігі қазіргі кезеңдегі қазақстардың Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысуы мәселесінің жеткіліксіз зерттелуімен байланысты. Мақаланың мақсаты – қазақ халқының атқарған рөліне тарихи ретроспектива тұрғысынан (Бірінші дүниежүзлік соғыстың қарсаңында және әскери қимылдар кезеңіндегі) баға беру болып табылады. Осымен бірге, авторлар Бірінші дүниежүзлік соғыс кезеңіндегі империянлық заңнамада бекітілген қазақтардың міндеттері мен құқықтарына назар аударады. Сонымен қатар, авторлар 1916 ж. азаттық көтерілістің себептері мен нәтижелері қарастырылады, жерлерді жаппай тартып алу және материалдық құндылықтардың үлкен бөлігін тәркілеу мен салықтарды ұлғайту мәселелеріне талдау жасайды. Аворлар 1916 ж. көтеріліс қазақтардың көп ғасырлық ұлт-азаттық көтеріліс тарихында ерекше орынға ие деген қорытынды шығарады.

Сведения · Details