Central Asian Research Index

Eurasian Journal of History, 2023, т. 111, № 3, с. 28-34

Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің қалыптасуы мен дамуындағы нормативті актілерді және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызы мен рөлі: тарихы, мәселелері және келешегі

К.Т. Байжиенова, Ш. Канжил

Аннотация · Abstract

Әлеуметтік өмірдің маңызды салаларының бірі — денсаулық сақтау ісі болып табылады. Сондықтан, халықтың денсаулығын сақтау және оны нығайту әрбір өркениетті елдің мемлекеттік саясатының маңызды мүдделерінің біріне айналуда. Денсаулық сақтау ісінің тарихын зерттеу денсаулық сақтау саласындағы өткен тәжірибені бағалауға көмектеседі және оның келешектегі сапалы дамуын бағдарлауға мүмкіндік береді. Осы себептен, мақалада Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы денсаулық сақтау ісінің даму кезеңдері зерттелген және денсаулық сақтау ісіне қатысты қабылданған заң актілеріне және мемлекеттік бағдарламаларға басты назар аударылған. Зерттеу барысында денсаулық сақтау саласына қатысты қабылданған нормативті-құқықтық актілерге және мемлекеттік бағдарламаларға енгізілген көптеген өзгерістер мен қосымшалар анықталды.

Сведения · Details