Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 111, № 3, с. 232-239

Күн энергиясы саласындағы инновациялық технологиялардың даму ерекшеліктері

А.А. Абаев, Б.С. Есенгельдин, Т.K. Шурен, А.А. Кочербаева

Аннотация · Abstract

Мақсаты:Мақаланың мақсаты күн энергиясы саласындағы инновациялық технологиялардың тиімділігін зерттеу.Сонымен қатар күн энергиясын дамыту үшін заманауи технологияларды қолданудың мүмкіндіктері мен келешектері қарастырылған.Әдісі:Мақалада күн энергиясын өндіретін инновациялық технологиялардың тиімділігін анықтауда жүйелік, талдау, жалпылау, салыстыру және статистикалық әдістер пайдаланылған. Бұл әдістер күн энергиясын дамыту жөніндегі ресми статистикалық мәліметтерден алынған нәтижелерге, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми мақалаларында алынған ғылыми тұжырымдамаларға негізделген.Қорытынды:Мақалада күн энергиясын инновациялық дамытудың әртүрлі техникалық және ұйымдастырушылық мәселелері зерттелген: термоэлектрлік күн қондырғыларын енгізу механизмдері; технологияның салалық және пайдалану негіздері; әлеуметтік, саяси және мәдени жақтары; қаржылық және кадрлық қамтамасыз ету; аймақтың немесе саланың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері. Талдау барысында күн панельдерінің техникалық мәселелері анықталған: ауа-райына байланысты микро жарықшақтардың пайда болуы; күннің қарқындылығына тәуелділігі; фотоэлектрлік элементтердің төмен тиімділігі; шикізат көздерінің (кремний, күміс, алюминий, мыс және басқалары) жоғары бағасы; қайтадан пайдалану үшін жинақталған қалдықтарды қайта өңдеу бойынша зерттеудің болмауы.Тұжырымдама:Мақалада күн энергиясын өндіруге байланысты жинақталған халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұсыныстар берілген: күн панельдерін экономикалық тиімділігіне және техникалық сипатына қарай таңдау; технологияларды аймақтың орналасқан жері мен климаттық жағдайына байланысты орнату; пайдаланылған күн панельдерін жоюдың тиімді әдістерін қолдану; күн энергиясын өндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуы үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.

Сведения · Details