BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 111, № 3, с. 220-231
Туристік нарықтық инфрақұрылым туристік бизнесті дамытудың негізгі құралы: жіктелуі және негізі
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Зерттеу нысаны ретінде туристік бизнесті дамытудың негізгі құралы болып табылатын инфрақұрылым, соның ішінде негізгі орналастыру, тамақтандыру, тасымалдау кәсіпорындары қарастырылған.Әдісі:Аналитикалық талдау әдісі қолданылған. Зерттеу әдісі ретінде нысанның құрылымын талдау жіктеу және саралау әдістері пайдаланылған. Жіктеу және саралау әдісі негізінде еліміздегі туристік инфрақұрылымның жай күйін бағамдауға болады.Қорытынды: Алынған зерттеу нәтижелері негізінен туристік инфрақұрылым туристерге қажет өнім өндіретін өндірістік, әлеуметтік, институционалдық, экологиялық және басқа да инфрақұрылым түрлерін қамтитын бірқатар ішкі жүйелерден тұратынын жүйелі түрде зерделенді.Тұжырымдама: Туризм бизнесінің инфрақұрылымының кешенді түрде дамыту мен жетілдіру негізінде инфрақұрылым нысандарының өндірістік қуаттылығы мен өткізу қабілетін арттыруға және оның элементтерін үздіксіз, теңгерімді және оңтайлы жетілдіру мен дамытуға, тартымды инвестициялық жағдай жасауға, бизнес өкілдерінің қызмет көрсету сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін еселей түсуге, аумақтық және жергілікті кедергілерді бағындыруға, елдің туристік ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған практикалық шараларды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік, аймақтық және жеке құрылымдардың үйлестірілген қызметі, туристік кешенді тиімді басқаруды жетілдіру.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ec3/220-231
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0