Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 111, № 3, с. 189-198

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін арттыру перспективалары

Е.Е. Гриднева, Г.Ш. Қалиақпарова, Р.Н. Жанғырова, Р.С. Парманова, А.Б. Көшербаева

Аннотация · Abstract

Мақсаты: Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің заманауи жағдайы зерттеудің негізі ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда зерттеу тақырыбының өзектілігі маңызды болғандықтан, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың мүмкін болатын варианттарын анықтау мен оныңмоделін әзірлеу осы мақаланың мақсаты.Әдісі: Талдау әдісі — қолжетімділік, азық-түлік бағасын реттеу, өмір сүру сапасын жақсарту және т.б. саласында Қазақстанның азық-түлік дамуының талдауы жүргізілді. Өткен кезеңге және азық-түлік қауіпсіздігінің келешегі туралы қорытындылар жасалатын статистикалық әдіс. Модельдеу әдісі азық-түлік қауіпсіздігі моделінің қалыптасуына ықпал етті.Қорытынды: Кезкелген мемлекеттіңазық-түлікқауіпсіздігі қорғалған деп сол елдегі халықтың өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етілген жағдайда ғана айтуға болады. Кешенді және жүйелі тәсілдерді ескере отырып экономикалық, әлеуеметтік және экологиялық аспектілерге мән берген жөн. Зерттеу нәтижелері ұсынылған азық-түлік қауіпсіздігі моделінде көрсетілген.Тұжырымдама: Зерттеу барысында қол жеткізілгеннегізгі ғылыми ережелер Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді саясатын дайындау және оны іске асыру үшін ақпараттық-талдамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Табиғи және еңбек ресурстары мемлекетке азық түлік бойынша өзін өзі қамтамасыз ететін ел болуға мүмкіндік береді. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы кеңестің құрылуы мен қызметі қазіргі кезде орын алып отырған барлық мәселелерді шешуге тиіс.

Сведения · Details