Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 111, № 3, с. 160-175

Пандемия(COVID-19)сабақтары: халықтың құндылықтарының бағдарлануы өзгеруінің туризмнің маркетингтік даму стратегияларына әсері

З.Н. Борбасова, С.Н. Улаков, Н.С. Улаков

Аннотация · Abstract

Мақсаты: COVID-19 пандемиясының халықтың құндылықтар жүйесіне әсері қарастырылып, соған қатысты өткен онжылдықтарда маңызды деп саналған құндылық бағдарларының өзгеруін талдап зерттеу.Мақаланың негізгі мақсаты — туризм индустриясының пандемия сабақтары тағылымдарын ескере отырып, «пандемиядан кейінгі» кезеңдегі даму бағыттарына сәйкескелетін маркетингтік стратегияларды ұсыну.Әдісі: Зерттеу барысында синтез және талдау әдістері, оның ішінде жүйелік және кешенді тәсілдер сияқты әдістер (жалпы ғылыми және арнайы) қолданылды. Статистикалық әдіс ресми статистикалық корытынды.Қорытынды: Халықтың құндылық бағдарлары мен туризм секторындағы трансформация, «коронадағдарысы» салдарынабайланыстыра зерделеніп, оның адамзат дамуына теріс әсерлерімен қатар жалпы адами құндылықтарының өзгеруі тұрғысынан оң бағыт беруі мүмкіндігі жан-жақты қарастырылған.Бұл адамзатқа үлкен сабақ болды, оның қоғам мен ел экономикасының салаларының дамуына тигізген әсерінен тиісті қорытынды шығару үшін ғылыми негізде жан-жақты ары қарай зерделеуді қажет етеді.Тұжырымдама: Жұмыстың ғылыми жаңалығы — авторлар «коронакризистің» қоғам дамуына тигізген кейбір оң аспектілерін жүйелі түрде алғашқылардың қатарында зерттеп, оларды пандемияның бес сабағы түрінде ұсынылып отырғаны мақаланы практикалық тұрғыда ерекше өзекті етеді. Туризм индустриясының «пандемиядан кейінгі» кезеңдегі даму бағыттарына назар аударылып, осы сабақтарды ескере отырып, оның маркетингтік стратегиясын саналы тұтыну маркетингі тұжырымдамасына сәйкес құру мүмкіндігі ұсынылады.

Сведения · Details