BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 110, № 2, с. 235-244
Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелігін талдау
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың әдістерін көрсету және мемлекеттік бюджет саласындағы бюджет көлемін салыстыру. Әдісі: Зерттеу жүргізу кезінде жұмыста әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: талдау, салыстыру, деректерді салыстырмалы бағалау, шолу жасау, сипаттау, берілген деректерді суреттеу. Деректерді талдау барасында Қазақстан Республикасының әр жылдардағы бюджет көлемі алынды, сондай-ақ жалпы бюджет қаражатының пайдалану тиімділігі мен нәтижелігіне талдау жүргізілді. Қорытынды: Мақалада жалпы мәселелер қарастырылды. Негізгі ұғымдар айқындалды, мемлекеттік бюджеттің статистикалық түрде тапшылығы көрсетілді және мемлекеттік бюджетті тиімді жұмсалуын бағалау мақсатында сурет түрінде әдістеме ұсынылды. Тұжырымдама: Бюджет ― бұл тек ғана қаражат емес, бұл елдің тіреуі деп атауға болады. Бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуі мен шығындарын реттеу арқылы ғана жыл сайынға тапшылық мөлшерін реттеуге болады. Бюджетке түсетін салық түсімдері де толық дәрежеде түспеуінен де тапшылыққа әсер етеді. Сондықтанда түсімдер мен шығындардың дұрыс болуы үшін бюджет жүйесін қайта қарастыру керек.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ec2/235-244
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0