BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 110, № 2, с. 173-182
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету түрлері бойынша кәсіпорын шығындарын қаржыландыру мәселелері: емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерін беру
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Мақаланың негізгі мақсаты еңбек қауіпсіздігінің түрлері бойынша кәсіпорынның шығындарын есептеудің әдістемелік бағыттарын қалыптастыру, атап айтқанда емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерін беру. Әдістері:Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы әдістер де қолданылды, мысалы, синтез және талдау әдістері, оның ішінде жүйелік және кешенді. Статистикалық әдіс ресми статистикалық мәліметтермен де, Интернеттен алынған ақпаратпен де жұмыс істегенде қолданылды. Қорытынды: Бүгінгі таңда Ұлттық бюроның статистикасы бойынша 375 мың қазақстандық қауіпті өндірісте жұмыс істейді, оның 75 пайыздан астамы ерлер. Зерттеу барысында бұл мәселе бойынша Ресей Федерациясы мен Украина сияқты ірі посткеңестік елдердің тәжірибесі зерттеліп, нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерін шығару шығындары есептелді. Қарастырылып отырған шығындар бойынша бюджетті есептеу формулалары ұсынылды, бұл болашақта қаржыландырудың тиісті әдістемесін құруға негіз бола алады. Тұжырымдама: Қауіпті өндірістік және қауіпті еңбек жағдайлары бар кәсіпорындарда: өз қызметкерлерін емдік-профилактикалық тамақтану және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету жұмыс берушілердің өз қаржысы шеңберінде заңнамалық деңге
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ec2/173-182
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0