Central Asian Research Index

BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 110, № 2, с. 147-154

Қазақстандағы отбасылық және гендерлік саясат ұстанымдары мен оларды қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау

Г.С. Акыбаева, Б.Б. Мусатаев, С.Ш. Мамбетова, А.С. Ахметова, С.О. Орынбасаров

Аннотация · Abstract

Мақсаты: Мақалада Қазақстан Республикасындағы ағымдағы гендерлік үдерістер қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау тұрғысынан талданған. Заңнамалық және институционалдық деңгейде гендерлік теңдікке қол жеткізудің негізгі мәселелері, Қазақстан әйелдерінің экономикалық ілгерілеуінің мәселелері айқындалған. Әдісі: Елімізде гендерлік саясатты тиімді жүзеге асыру үшін институционалдық және нормативтік база құрылған. Қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін жоғары мемлекеттік деңгейде гендерлік саясат институты ― Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының маңызды әдістері қолданылды. Қорытынды: Мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан қосылған халықаралық актілерде жарияланған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қоғамның барлық салаларына тең қатысуы үшін жағдай жасау жөнінде ұсыныстар берілген. Тұжырымдама: Қолданылатын әдістер негізінде Қазақстанның мемлекеттік гендерлік саясаты барлық салаларда барынша гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін жаңа қоғамдық қатынастарды құруға мүмкіндік беретін нормаларды, стандарттарды, даму негіздерін, бағыттарын, шектеулері мен бостандықтарын қамтиды. Белгілі бір қоғамда белгілі бір өндіріс тәсілі мен белгілі бір тарихи қатынастар үшін идеялар мен ережелер жүйесі анықталады.

Сведения · Details