BUKETOV BUSINESS REVIEW, 2023, т. 109, № 1, с. 201-211
Кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін инновациялық форсайтты пайдалану
Аннотация · Abstract
Мақсаты: Кәсіпкерлік құрылымдарға инновациялық форсайттың әсерін көрсету және инновациялық форсайттың артықшылығын сипаттау. Әдісі: Зерттеу жүргізу кезінде жұмыста әртүрлі әдістер пайдаланылды: талдау, салыстыру, деректерді салыстырмалы бағалау, шолу жасау, сипаттау, берілген деректерді анықтау. Деректерді талдау барысында Қазақстан Республикасының әр жылдардағы болашақ жоспарлары алынды, сондай-ақ жалпы инновациялық форсайт, форсайттың нарықты дамыту және жетілдіру проблемаларымен айналысатын жетекші ғалымэкономистердің ғылыми жарияланымдары алынды. Қорытынды: Мақалада жалпы мәселелер қарастырылды. Негізгі ұғымдар нақтыланды. Кәсіпкерлік құрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін инновациялық форсайтты пайдалану маңыздылығы анықталды. Тұжырымдама: Жекелеген деректер негізінде қазіргі кәсіпкерлік құрылымдарға талдау, сондай-ақ форсайтты пайдаланудың перспективалары мен үрдістеріне талдау жүргізілді. Кәсіпкерлік құрылымдардың стратегиялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған инновациялық форсайт қазіргі заманғы кәсіпорындар мен ұйымдардың болашағын зерттеу мен белсенді құрудың ең сұранысқа ие құралы екені дәлелденді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2023ec1/201-211
- Журнал · Journal BUKETOV BUSINESS REVIEW
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0