Central AsianResearch Index

Бақша қараот өсімдігінің жерүсті бөлігінің гистохимиялық талдауы

Гистохимиялық талдау биологиялық белсенді заттардың өсімдік жасушалары мен мүшелерінде шоғырлануы мен орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Бақша қараот халық медицинасында қолданылатын, дүниежүзінде кең таралған біржылдық өсімдік. Мақалада бақша қараот (Portulaca oleraceae L.) өсімдігінің жапырағының, сабағының және бүтін гүлінің көлденең кесіндісінің гистохимиялық талдау нәтижелері берілген. Алғаш рет бақша қараот өсімдігінің жерүсті бөлігіне гистохимиялық реакцияларды жарық микроскопымен біріктіре отырып зерттеу жүргізілді. Жапырақтың, сабақтың және бүтін гүлінің көлденең кесіндісінің гистохимиялық реакцияларының нәтижелері фенолдық қосылыстардың, флавоноидтардың, алкалоидтар іздерінің, сесквитерпендік лактондардың, инулиннің, полисахаридтердің бар екендігін және шоғырлану орнын анықтау жүргізілді. Гистохимиялық зерттеулердің нәтижелері бақша қараот (Portulaca oleracea L.) өсімдігінің жерүсті бөлігінің түпнұсқалығын, сәйкес тендіруін және стандарттауды растау үшін қолданылды.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 110, № 2, С. 162-167
Язык
Казахский
ISSN
2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
Издатель
Buketov Karaganda State University