Central AsianResearch Index

рН және температураның Ctenopharyngodon idella эмбриологиялық дамуына оптимальдық әсерін анықтау

А.М. Тленшиева, Т.М. Шалахметова

Мақаланың мақсаты ― ақ амур жұмыртқаларының инкубациялық және дернәсілдік кезеңдерінде су температурасының (18, 26 және 34°С) және де рН (5,5, 6,5, 7,5 және 8,5, 9,5) мәндерінің әсерін, соны-мен қатар оңтайлы мәндерін анықтау. Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша жоғары 34°C темпе-ратурада және рН деңгейі 5,5 және 9,5 (32,5±0,5), (35±0,001), сондай-ақ 18°C және рН деңгейлері 5,5 (22,5±0,2) және 9,5-те (42,5±0,3) инкубациялық жұмыртқалардың өсу пайызы және инкубациялық ке-зеңде эмбриондардың дамуы төмендегенін көрсетті. Инкубациялық жұмыртқалардың ең жоғары тір-шілік ету көрсеткіші 26°C температурада және рН мәні 7,5 (95%±0,002) ақ амур балығының эмбрио-нальдық және постэмбриональдық дамуында, тіршілік етуіне ыңғайлы екендігі анықталды. Сонымен бірге төмен температурада ақ амур балығының дамуының эмбрионалдық кезеңдері өте баяу өтті. Яғни даму сатыларының уақыт көрсеткіші бойынша ұзақ жүргендігін көрдік. Ал жоғары температурада, керісінше, 34°С-та жылдам жүрді. Қолданыстағы нәтижелер 26°C су температурасы кезіндегі судың рН 7,5 мәні жұмыртқаның инкубациялануы үшін ең қолайлы екендігі, ал Ctenopharyngodon idella жұмыртқасының өсуі үшін 6,5-тен 8,5-ке рН ең қолайлы екенін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 110, № 2, С. 139-144
Язык
Казахский
ISSN
2518-7201 · 2663-5003 · 3080-6836 · 3080-6844
Издатель
Buketov Karaganda State University