Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 4, № 108, с. 92-98
Comparative analysis of phraseological units in Kazakh, Russian, English, Chinese languages
Қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы талдау
Аннотация · Abstract
Мақала қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінің фразеологиялық бірліктерін салыстыра зерттеуге арналған. Тіл – мәдениетті таратушы құрал. Фразеология әр халықтың ұлттық мәдениетінің, тіл ерекшелігінің көрсеткіші. Осыған байланысты тіл білімінде фразеологиялық бірліктерді салыстырмалы аспектіде зерттеу қазіргі таңда маңызды болып саналады. Фразеологизмдер тілге бейнелілік, эмоционалдық бояу береді. Авторлар мақалада қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі адамның теріс психоэмоционалдық күйін білдіретін фразеологизмдерді қарастырған. Зерттеу барысында қазақ тілінде — 200, орыс тілінде — 220, ағылшын тілінде — 210, қытай тілінде — 180 фразеологиялық бірліктер іріктеліп, салыстырылып, олардың құрылымдық, семантикалық екрекшеліктері анықталды. Бұл іріктеу нәтижесі қазақ тілінде — 15, орыс тілінде — 14, ағылшын тілінде — 12, қытай тілінде — 10 фразеосемантикалық топтарды айқындауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде ең көп фразео-семантикалық топтарға: қайғы (қазақ тілінде — 30, орыс тілінде — 17, ағылшын тілінде — 25, қытай тілінде — 15), ашу (қазақ тілінде — 25, орыс тілінде — 27, ағылшын тілінде — 19, қытай тілінде — 18), қорқыныш (қазақ тілінде — 30, орыс тілінде — 29, ағылшын тілінде — 32, қытай тілінде — 20) жатады. Сондайақ, қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдері фразеологизмдерінің мысалында семантикалық мағынаны, бейнені, бейненің концептуалдық негізін қарастырып, төрт тілде олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау көзделген. Зерттеу аясында ашу эмоциясына басты назар аударылып, қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде қарастырылды.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph4/92-98
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1