Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 108, № 4, с. 78-84

Тілдік пәндерді оқытуда кино дискурсын қолданудың артықшылықтары

Е.Б. Асанбаева

Аннотация · Abstract

Мақала тілдік пәндерді оқыту барысында білім алушылардың тілдік дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуда кино дискурсының беретін мүмкіндіктері туралы сөз қозғайды. Еліміздегі білім берудің жаңартылған мазмұны аясында оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін өмірде қолданып, функционалды сауатты тұлға болып қалыптасып шығуына баса назар аударылады. Бұл тұрғыда тілдік пәндерді оқыту әдістемесі бойынша оңтайлы оқу құралдары мен әдіс-тәсілдерді табу үлкен өзектілікке ие. Автор мақалада тілдік пәндерді, соның ішінде қазақ тілін оқыту үдерісінде білім алушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын және сөздік қорларын дамытып, тілдің ұлттық-мәдени қырларын меңгерулері үшін кинофильмдердің атқара алатын әлеуетін ашып зерттеуді мақсат еткен. Зерттеу барысында кинофильмдерді дидактикалық оқу құралы ретінде қолданудың тиімділігі mқарастырылып, бұл бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың тұжырымдарымен дәлелденді. Оқу үдерісінде кинофильмдерді дидактикалық құрал ретінде қолдану, біріншіден, білім алушылардың тақырыпты қабылдауын жеңілдетіп, олардың қызығушылығын арттырады әрі жаңа материалды жақсы есте сақтауға негіз болады, екіншіден, тілді шынайы әрекетте, дискурс аясында зерттеп тануға мүмкіндікбереді. Сонымен қатар кино дискурсы негізінде оқу үдерісін ұйымдастырудың психологиялық аспектісі мен лингводидактикалық мүмкіндіктері сараланды. Бір кинотуындының мысалында аталған дискурс түрімен ұсынуға болатын тапсырма үлгілері көрсетіліп, талданды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері тілді оның шынайы қолданыстағы кейпінде тануға, сол тілдің тасымалдаушылары саналатын халықтың ұлттық дүниетанымын, әлемнің тілдік бейнесін игеруге кино дискурсының айтулы үлес қоса алатынын көрсетті.

Сведения · Details