Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 108, № 4, с. 45-52

Бейвербалды амалдардың коммуникациядағы маңызы

С.А. Кенжеғалиев, Д.К. Айтжан, Қ.Қ. Жанузахова

Аннотация · Abstract

Белгілі бір қоғамдық ортада өмір сүргеннен кейін қажеттіліктен тіл арқылы байланыс жасау туындайды. Мақалада паралингвистиканың тілден тыс, яғни тілдің айналасында жүзеге асып, қарым-қатынас жасауға және сол арқылы ақпарат алмастыруға көмекші құрал ретінде ықпал ететін амал-тәсілдерді зерттейтіндігі туралы айтылған. Кез келген халықтың тілін алып қарайтын болсақ, ақпарат алмастыру көзі ретіндегі қарым-қатынас жасасу тек дыбыстап сөйлесуден ғана емес, одан да басқа түрлі амал-тәсіл арқылы жүзеге асырылатыны осы бағытта зерттеу жүргізген тілші-ғалымдардың пікірлерімен тұжырымдалады. Тек қана бейвербалды амалдармен қарым-қатынас жасасу экстралингвистикалық факторлардың ықпалынан ғана емес, сонымен қатар адамдардың әлеуметтік-физиологиялық ерекшелігіне де қатыстылығы туралы түсінік берілген. Бейвербалды амалдар адамдар арасындағы коммуникативтік актіні жүзеге асыра отырып, тіл білімі ғылымының әр саласымен тығыз байланысты болатындығы сөз болады.

Сведения · Details