Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 4, № 108, с. 128-133
The development of writing activity based on the epic novel by M.Аuezov «The Way of Abai» (K. Bitibayeva's method of teaching with the help of new technologies)
М.О. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жазылым дағдыларын дамыту жолдары (Қ. Бітібаеваның технологиясы негізінде)
Аннотация · Abstract
Мақалада тәжірибеде тиімді қолданыс тауып отырған жазба жұмысын әдіскер ұстаз Қ.О. Бітібаеваның технологиясымен оқыту мәселесі сөз етілген. Жазба жұмысын жүргізудің әдістемесі, технологиясын қарастыру — қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Авторлар Қ.О. Бітібаеваның «Әуезов туындыларын мектепте оқыту», «М. Әуезов шығармашылығын оқыту» еңбектеріндегі әдістемесін жан-жақты қарастыра отырып, жазылым әрекетін жүргізудегі озық тәжірибесін ұсынған. Негізігі бөлімде көлемді туынды М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша модельге негізделген шығарманы жаздырудың жолдары мен тапсырмалар түрлері құрастырылған. Тапсырмаларға сай тиімді мәтіндер жинақталынып, әр мәтіннен кейін тапсырмалар, көмек-нұсқаулар ұсынылған, оларды жүргізудің жолдары қарастырылған. Сондай-ақ авторлар өз тәжірибесінен туындаған жазылым әрекетін дамытудағы авторлық бағдарлама құрастырғанын, соның негізінде шығармашылық тапсырмаларды тиімді берудің жолдары туралы айтып өтеді. Мақаланың қорытынды бөлімінде автор жазылым тапсырмаларының тиімділігін саралай келе, күтілетін нәтижелерін көрсетеді. Дәстүрден тыс жазылым әрекетінің тың жолдарын көрсете отырып, тұлғаның өз мүмкіндігін танытуына, шығармашылық қабілетіне жол ашады деп қорытындылаған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph4/128-133
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language английский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0