Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 108, № 4, с. 122-127
Ойын қазақ тілін оқытудың тиімді әдісі ретінде
Аннотация · Abstract
Мақалада коммуникативті дағдыларды қалыптастыру және сөйлеу дағдыларын дамыту үшін өзге тілді студенттердің қазақ тілін оқыту процесінде ойын технологияларын қолданудың функциялары мен мүмкіндіктері қарастырылған. Авторлар заман талабына сай, жоғары коммуникативті қасиеттері, эстетикалық талғамы бар, тілдік құзыреттілікке ие, өмірдің кез келген саласында қазақ тілінде сөйлей алатын белсенді, ұшқыр ойлы, креативті тұлғаны тәрбиелеудегі ойын технологияларының әлеуетін зерттейді. Лексикалық бірліктерді игеру процесінде ойын, атап айтқанда, рөлдік элементтерді қолдануға ерекше назар аударылған. Әр түрлі лексикалық-семантикалық және тақырыптық топтардың сөздерін есте сақтауға ықпал ететін ойын жағдайларының авторлық жүйесі ұсынылған. Әзірленген жаттығулардың сәтті апробациясы ойын студенттердің білім-біліктілік, танымдық, коммуникативтік, сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін қазақ тілін оқытудың ең тиімді әдісі екенін көрсетеді. Ма қалада шет тілді аудиторияның сөйлеу қабілетін дамытуда ойын технологияларын қолдану қажеттілігі, яғни өзінің сөйлеу әрекетінде қазақ тілін меңгеру және пайдалану, өз пікірін қазақ тілінде еркін білдіру қабілеті көрсетілген
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph4/122-127
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 1