Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 107, № 3, с. 71-77
Ұлы жібек жолындағы қазақ астионимдері
Аннотация · Abstract
Ұлы Жібек жолын пәнаралық тұрғыдан тілтанулық зерттеудің маңызы зор. Бұл тілдің кумулятивтік қызметін түсіну үшін қажет. Қазақ лингвомәдениеттануын байытады. Осы мақсатпен мақалада Жібек жолындағы қалалар зерттеледі. Олардың мән-мағынасы этимология жасау арқылы айқындалады. Ұлы Жібек жолы бойында қалалар өте көп. Оларды түгендеп талдау – үлкен іс. Мақалада Қазақстан жерінен орын алған қалалардың атаулары нысан етілді. Ономастика үшін мағынасы көмескі сөздерді зерттеу басты мақсат болып саналады. Сондықтан қазір археологиялық қазбалар арқылы табылып жатқан қала атаулары талдауға тартылды. Зерттеу барысы тиянақты болу үшін гидрографиялық терминге негізделген астионимдермен шектелдік. Сайрам, Сығанақ, Суяб, Шарап, Екіөгіз тарихи қалаларының Ұлы Жібек жолы бойындағы орыны белгіленіп, атауларының типтік үлгілері анықталып, жаңаша этимологиялық түсіндірме берілді.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph3/71-77
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0