Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 107, № 3, с. 7-12
Қасым Аманжолов шығармаларының тілдік ерекшеліктері: ұлттық сипатты танытатын лексика
Аннотация · Abstract
Кез келген халықтың тіл байлығы ақын-жазушылардың шығармалары негізінде толығып отырады. Оларды талдау арқылы заманға сай тілдегі жаңа сөз қолданыстарын, соны тіркестерді байқай аламыз. Мақалада ақын Қ.Аманжолов шығармаларындағы қазақ халқына тән сипаттың, ұлттық ерекшеліктердің тілдік тұлғалар арқылы берілуі сөз болады. Қазақ халқының танымын, табиғатын, қайталанбас ерекшеліктерін суреттейтін ақынға тән сөз қолданыстары тілдік тұрғыдан талданады. Атап айтқанда, Қ.Аманжолов өлеңдерінде халқымыздың болмысын, тұрмыстық тыныс-тіршілігін танытатын заттық, дыбыстық, көру, дәмдік, тактильді бейнеде көрініс беретін тілдік бірліктер, әдетғұрып пен салт дәстүрге қатысты лексика, географиямызға тән антропонимика мен топонимикалық атаулар көрсетіледі. Ақынның шексіз сүю мен сағыныштан пайда болған туған жері мен еліне қатысты образды-тілдік суреттеулері, өзіне тән ерекше сөз қолданыстары мысалдармен нақты беріліп, дәлелді түрде көрсетіліп отырады. Ақын өлеңдеріндегі қазақтың дархан даласы мен ауылын сипаттайтын тілдік бейне, тілдік қарым-қатынас үдерісіндегі халқымызға тән жанына жақын тарту, жақсы көру, еркелету мәнді сөздер мен қаратпалар автор мақаласында жан-жақты көрініс беріп, тілдік тұрғыдан талданған.
Сведения · Details
- DOI 10.31489/2022ph3/7-12
- Журнал · Journal Bulletin of the Karaganda University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0