Central Asian Research Index

Bulletin of the Karaganda University Philology series, 2022, т. 107, № 3, с. 50-55

Қазақ тіл біліміндегі фонетикалық және фонологиялық транскрипция

Ж Жұмабаева, А. Аманбаева

Аннотация · Abstract

Қазіргі қазақ тіл білімінде транскрипция мәселесін арнайы зерттеу қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені ғалымдардың зерттеулерінде транскрипция жайында қозғалғанымен, оның жүйесі көрсетілмей, бірізділік сақталмай келеді. Мақалада жалпы транскрипция ұғымы мен оның жалпы тіл біліміндегі зерттелу жайы сөз болады. Сондай-ақ дыбыс пен жазудың ара қатынасы, яғни қазақ тіл біліміндегі фонетикалық және фонологиялық транскрипцияның мазмұны мен айырмашылығы тілдікдеректер негізінде анықталады. Қай тілді алсаңыз да оның таңба ретінде жазылуы мен оның дыбысталуында ерекшелік болып жатады. Яғни транскрипция арқылы біз орфография мен орфоэпияның ара-қатынасын анықтаймыз. Жалпы графика шартты таңба ретіндегі дыбыстың бейнесі болса, ал транскрипция дыбысталуын дәл көрсету үшін берілетін шартты таңба. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық қызметін дәл көрсету болып табылады. Бір фонема жазуда әртүрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда бір фонема бір ғана таңбамен белгіленеді. Осы кезге дейін қазақ тіл білімінде дыбыстарды транскрипциялаудың жүйесі берілмей, әртүрлі таңбаланып келді. Сондықтан ғылыми зерттеуде қазақ тілінің фонетикафонологиялық транскрипциясын жүйелеу мақсатында фонетикалық пен фонологиялық транскрипцияны ажыратып көрсету қажет.Осы орайдасөздерді транскрипциялау үшін әрбір фонеманың акустикалық және артикуляциялық сипаты ашылып беріледі. Сондай-ақ транскрипцияланған сөздердің просодикалық ерекшелігін ашып беру мақсатында мәтін интонациялық тұрғыдан синтагмаға бөлініп, интонема модельдері көрсетілетін болады.

Сведения · Details